Жамбыл орта мектебі КММ жанынан ашылған «Достық» шағын орталығы туралы мәлімет
Жалпы ақпарат
«Достық» шағын орталығы – балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше. Орталықта оқыту және тәрбиелеу жұмыстары қазақ тілінде жүргізіледі.
Шағын орталықта барлығы 2 топ жұмыс істейді:
«Достық» тобы – 16 бала
«Күншуақ» тобы – 9 бала
Топтар аралас форматта ұйымдастырылған.
Педагогикалық құрам
Шағын орталықта 4 педагог қызмет атқарады:
3 педагог – жоғары білімді
1 педагог – арнайы орта білімді
2 педагог – модератор санатты
2 педагог – санаты жоқ
Жұмыс тәртібі
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы
Күнделікті жұмыс уақыты: 08:00 – 17:00
Жалпы ұзақтығы: 9 сағат
Материалдық-техникалық база
Шағын орталықтың жалпы аумағы: 193,33 ш.м.
Бейнебақылау жүйесі орнатылған: барлығы 3 камера
Қабылдау бөлмесінде – 1 камера
Ойын бөлмелерінде – 2 камера
Орталық балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген.
