Мектеп туралы
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің “ Жамбыл орта мектебі” тарихнамасы
М.Омаров атындағы ауылдың Жамбыл орта мектебі 1932 жылы ашылған. Бұл білім ұясының үлкен тарихы бар. Аумалы-төкпелі уақытта кішкентай ауылда мектеп ашу дегеніңіз – үлкен ерлік. Алғашқы директоры да, мұғалімі де – Мақажанов. Ол кезде қазіргідей самаладай жарық жоқ, май шамның жарығымен шағын ғана екі бөлмелі, саманнан салынған мектепте отыз бала білім алған.
Арада үш жыл өткенде 1935 бастауыш мектебі жылы Г.Баяндин деген көзі ашық, оқыған-тоқығаны мол азамат директор болып келеді де, соның еңбегінің арқасында орыс-қазақ мектебіне айналады. Оқушылар саны 160 қа жетеді.
Мұнан соң директорлыққа келген Е.Қалданов пен мұғалім Е.Т.Третьякова білім ұясын жеті жылдыққа айналдырады. 1959 жылы орта мектеп дәрежесіне ие болды. Мектепке жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімінің белуіне осы екі ұстаздың елеулі үлесі бар.
1932 жылы іргетасы қаланып, 85 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасын осы уақытқа дейін оннан астам директорлар басқарған болатын.
- Баяндин Ғ.С 1932-1938 ж.ж Мектеп негізін қалаушылардың бірі
- Қалданов Е.Т. 1938-1943 ж.ж Қазақ КСР Білім беру ісінің үздігі, Қазақ КСР еңбек іңірген ұстазы, көптеген төс белгі, медальдармен марапатталған. Бұл кісі басқарған жылдары мектеп 14 класс – комплекті болып, оқушы саны 305 ке жеткен.
- Жувандықов К 1938-1942 ж.ж Бастауыш мектеп директоры
- Мұсабаев Ф.М 1943-1952 ж.ж
- Жүнісов С.Д 1952-1956 ж.ж
- Алпысбаев С.Р 1956-1958 ж.ж
- Қадырбеков Ж.К 1958-1960 ж.ж
- Ерманов Ж.Е 1961-1993 ж.ж
- Ерманов Н.Ж 1993-1996 ж.ж
- Жунусов Б.Т 1996-1998 ж.ж
- Нурсиханова Б.О 1998-2002 ж.ж 2001 жылы білім ордасы республикалық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» пилот мектебі қатарына енді
- Валеулина Г.К 2002-2009 ж.ж
- Нурсиханова Б.О 2009-2011 ж.ж
- Актаева Б.Ш 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін мектеп басшысы қызметін атқаруда.
Директор | Актаева Бижамал Шакеновна |
Мектептің құрылғаны күні | 1981 Жаңа ғимарат 2017 жылы 5 қазанда пайдалануға берілді |
Мекен-жайы | Ақсу қаласы,М.Омаров ауылы,Аргынбаев көшесі,1 үй |
Мектептің жобалық қуаты | 392 орын |
Мектеп ғимаратының жалпы ауданы | 3838,6 м2; 2 қабатты |
Контингент | Жалпы оқушы саны—188 учащихся 1-4 сынып– 71 5-9 сынып- 96 10-11 сынып- 21 |
1-11 сынып-13 сынып комплектісі,мемлекеттік тілде | |
Ауысымдығы | 1 ауысым – 188 оқушы |
Материалдық техникалық базасы | Оқу кабинеттері-18 Лаборатория-2 Компьютер сыныптары-1 (10+1) Спортзал-2 Мәжіліс залы-138 орын Асхана-36 орынға Кітапхана- 56,2 м2 Кітапхана қоры-10641; оның ішінде қазақша-2521 Медициналых кабинет-1 Процедуралық кабинет-1 Психолог кабинеті-1 Әдістемелік кабинет-2 Интербелсенді тақта саны-5 Биология кабинетінің жабдықтары мен жиһаздарының жиынтығы, сатып алынған жылы — 2010 ж., 1комплект Физика кабинетінің жабдықтары мен жиһаздарының жиынтығы, сатып алынған жылы-2014 ж., 1 жиынтық; Химия кабинетінің жабдықтары мен жиһаздарының жиынтығы, сатып алынған жылы-2018ж., 1комплект Шахмат кабинеті-1, Машһүртану кабинеті-1 IT кабинеті-1 Жерлес-суретшілер кабинеті-1 Рухани жаңғыру кабинеті-1 Мұражай-1 |
Кадрлық құрам | Педагогтардың жалпы саны-33 Білімі бойынша: жоғары-30 ( 90,1%) арнаулы орта-3 (9%) Санаты бойынша: педагог-зерттеуші-9 (29 %) жоғары-1 педагог-сарапшы-6 (19 %) педагог-модератор-9 (35 %) екінші-1 санаты жоқ- 7 (16 %) Көптілді оқыту курсынынан өткен және жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту құқығымен C1 сертификатты бар 2 мұғалім жүргізеді. |
Тамақтану | Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 100%, оның ішінде тегін ыстық тамақпен қамтылғандар саны -102 (54,3%) |
Мектепті қаржыландыру | 2021 жыл-178 млн.854 мың теңге 2022 жыл-226 млн.218 мың теңге 2 023 жыл-280 млн.867 мың теңге |
Негізгі құралдарды сатып алу | 2020 жыл-874,0 мың теңге (мемлекеттік рәміздер жиынтығы, қол кептіргіш,ауыз суға арналған фантачиктер,түтін сорғыш,сорғы,триммер сатып алынды) 2021 жылы-0 2022 жылы-0 |
Күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу | 2021 жыл-350,0 мың теңге (ағымдағы жөндеу) 2022 жыл-76 млн (жылуды күрделі жөндеу)+400,0 (ағымдағы жөндеу) 2023 жыл-400,0 мың теңге (ағымдағы жөндеу) |